Атырау, 26 қараша 00:56
 ашықВ Атырау -2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Доссор-Бейнеу тас жолындағы жол апатынан жедел жәрдем қызметкері қаза болды

Бейнежазба
1 206 просмотра
https://www.youtube.com/shorts/usSZxVQkxHQ?feature=sharehttps://www.youtube.com/shorts/usSZxVQkxHQ?feature=share

Доссор-Бейнеу тас жолының 74 шақырымы тұсында 9 қаңтар күні сағат 18:30 шамасында төрт автокөлік соқтығысқан ірі жол апаты болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

1995 жылы туған азамат тізгіндеген «Газель» автокөлігі жедел жәрдем көлігімен соқтығысса, 1993 жылы туған азамат басқарған «IVECO» көлігі мен Rolfo Sirio көлігі соқтығысып, нәтижесінде 1964 жылы туған медицина қызметкері оқиға орнында қайтыс болды. Қазір тиісті құжаттар жинақталуда.

Айта кетейік, бұған дейін «Газель» көлігі мен жедел жәрдем көлігінің жүргізушілері жол ережесін бұзғаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Атырау полицейлері ауа райының қолайсыздығына байланысты жол қозғалысына қатысушыларға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ


10 қаңтар, 20:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.