Атырау, 23 қараша 09:18
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жапонияда тағы да жойқын жер сілкінісі болды

526 просмотра

Фото: twitter.com/ModJapan_saigai

Жапонияда магнитудасы 6,0 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Жапонияның бас метеорологиялық агенттігінің мәліметінше, жерасты дүмпулері Ниигата префектурасына қарасты Садо аралының ауданында жергілікті уақыт бойынша сағат 17:59-да тіркелген.

Агенттік цунами қаупі жоқ екендігін хабарлады. Сонымен қатар, жер сілкінісінен зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат жоқ. Тек кей аудандарда пойыздардар тоқтатылды.

Айта кетейік, он күн бұрын күншығыс елінде «Ното түбегіндегі жер сілкінісі» деген атау берілген жойқын зілзала болған еді. Жүзден аса адам қаза тапты.

10 қаңтар, 16:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.