Атырау, 26 қараша 00:54
 ашықВ Атырау -2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

№377 бекет тұрғындарына газ берілді

1 134 просмотра

Мақат ауданында Бәйгетөбе ауылдық округіне қарасты №377 бекет тұрғындарына газ берілді.

Аудан орталығынан 17 шақырым жерде орналасқан бекет тұрғындары осы уақытқа дейін көмір жағып келген еді. Мұндағы халықтың саны 50-ге жеткенде ғана жергілікті әкімдік көгілдір отын жүргізуді қолға алып, ол үшін бюджеттен 13 млн теңге жұмсалды. Бұған дейін халық санының аздығынан газ тарту мүмкін болмап еді.

Нәтижесінде 2 шақырым желі тартылып, газ стансасы мен реттегіш пункт орнатылды. Орта қысымды газ құбырының ұзындығы 1300 метр болса, төменгі қысымды газ құбырының ұзындығы 700 метр. Мердігер мекеме жұмысты былтыр қазанда бастап, желтоқсан айында аяқтаған. Осылайша Мақат ауданы бойынша ауылдарды газбен қамту үлесі 98 пайызға жетті.

«1969 жылы блокпост болғанда разъездке Жамансордан көшіп келдік. Содан бері осында тұрамыз. Осы уақытқа дейін отын жақтық, отпен тамақ пісіріп іштік. Биыл 2024 жылдың басында газ келіп қуанып жатырмыз», - деді бекет тұрғыны Қарылға Айтимова.

Бекеттегі 10 үйде 58 адам тұрады. Ауыл тұрғындарының көбі - теміржолшы, кейбірі мал шаруашылығымен айналысады. Олардың ендігі тілегі - ауылға су құбырының тартылып, жолдың салынуы.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттер «Мақат тынысы» редакциясынан

10 қаңтар, 18:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.