«Әділдік жолы» Атырау филиалы Атырау облыстық патология-анатомиялық бюросы қызметкерлеріне қатысты тексерулер аяқталғанын хабарлады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті ұйғарымдарды мерзімінде орындап, қаржылық бұзушылықтар сомасын бюджетке өтетіп, үш лауазымды тұлғаға тәртіптік жаза қолданды.
Еске салсақ, 2023 жылдың көктемінде әлеуметтік желілерде өңір тұрғындары мәйітхана қызметін мекемеге емес, жеке тұлғаға төлегендері жөнінде шағымдана бастаған болатын. Оның үстіне 13 мың теңгеден басталатын қызмет құны 100 000 теңгеден асқан.
Тергеу барысында артық баға төлету және мәйітхана қоймасы меңгерушісінің қызының жеке шоты ұсынылғаны расталды.
Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ