Атырау, 3 мамыр 23:53
 ашықВ Атырау +10
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Құтқарушылар МИ-8 тікұшағы арқылы үш адамды іздестіріп жатыр

872 просмотра

2024 жылғы 9 қаңтарда сағат 11:00 шамасында "Toyota" маркалы автокөлігімен үш адам Мақат ауданы Доссор кентінен Қызылқоға ауданы Қарабау ауылына қарай жолға шығып, оралмаған. Олармен телефон байланысы жоқ, деп хабарлайды облыстық ТЖД.  

2024 жылғы 10 қаңтарда сағат 00:00-де (1984 ж.т., 1986 ж.т., 1996 ж.т.) жоғалған адамдардың туыстары құтқарушыларға хабарласып, олар дереу іздестіру - құтқару жұмыстарына кіріскен. Бортында ТЖД 3 қызметкері, жоғалғандардың туыстары мен 5 экипаж мүшесі бар ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды. Сонымен қатар  Қызылқоға ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің 4 қызметкері іздестіру-құтқару жұмыстарын автокөлікпен және жаяу жүргізуде. 

Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын дауылды алдын ала ескерту туралы ескертулерді, ауа райының өзгерісін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады.

Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ

10 қаңтар, 14:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.