Атырау, 4 мамыр 00:21
 ашықВ Атырау +10
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Индер ауданында мал іздеуге шыққан 3 адам аман-есен табылды

Бейнежазба
711 просмотра

2024 жылғы 9 қаңтарда сағат 23:05-те Атырау облысы Индер ауданы Индербор кентінен 3 адамның мал іздеуге шығып, кері оралмағаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Индер ауданының ТЖБ қызметкеркерлері дереу іздестіру-құтқару жұмыстарына тартылды. 

Жоғалған 3 адам (1990 ж.т., 1984 ж.т., 1977 ж.т.) сол күні сағат 08:00-де «Toyota Land Cruiser-100» маркалы автокөлікпен Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жанама ауылына қарай мал іздеуге шығып, кері оралмаған, сонымен қатар еш байланыссыз қалған. 

Іздестіру-құтқару жұмыстары нәтижелі аяқталып, 10 қаңтарда таңғы сағат 05:20 шамасында жоғалған адамдар Индербор кентінен 35 км қашықтықта орналасқан. «Аю» қыстағының маңынан табылып, қауіпсіз жерге жеткізілді.  Медициналық көмекті қажет етпеді.

«Біз мал іздеуге жолға шыққанбыз, жердің батпақты болуына байланысты автокөлігіміз батпақты жерге батып, істен шықты. Сонымен қатар ұялы байланыс телефонымыз ажырап, еш хабарласа алмай қалдық. Бізді тез арада іздеп тауып, аман-есен елді мекенге жеткізген құтқарушыларға алғыс білдіреміз» - деп атап өтті табылған адамның бірі. 

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД Индер ауданы ТЖБ 5 қызметкері 1 техникасы, АПБ 2 қызметкері, 1 техникасы жұмылдырылды. 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

10 қаңтар, 11:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.