«Атырау» футбол клубы жұртшылықпен өз трансферлерінің нәтижесімен бөлісті.
Осылайша, «мұнайшылар» албаниялық «Эрзениден» Қазақстанға келген 28 жастағы солтүстік македониялық шабуылшы Флориан Кадриудың қызметінен құтылды. Қазақстан Премьер-лигасының 5 матчында Кадриу нәтижелі ойын көрсете алмады. Transfermarkt порталының мәліметінше, бұл ойыншының нарықтағы құны 150 мың еуроны құраған.
Клуб бразилиялық қорғаушы Матеус Биссидің кеткенін хабарлады. Ол 50 матч өткізіп, 4 гол мен нәтижелі доп берді. Биссидің өзі қазіргі келісім-шарт мерзімі біткен соң жаңа келісім-шартқа отырудан бас тартқаны хабарланды.
Команда капитаны Игорь Стасевич клубпен алдағы маусымға келісімшартты ұзартты. ФК 25 жастағы шабуылшы Оралхан Өміртаевтың кеткенін хабарлады. Ол «Атырау» сапында 30 кездесу өткізіп, қарсыластар қақпасына 2 рет гол соғып, 2 нәтижелі доп берді.
Жартылай қорғаушы, командадағы ақкөңіл жігіт Александр Нойок келісімшартын ұзартты. Ол 29 кездесу өткізіп, 2 гол соқты.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ