Атырау, 23 қараша 09:03
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Франция премьер-министрі Элизабет Борн отставкаға кетті

525 просмотра
Сурет: Anadolu Agency

Элизабет Борн Францияның премьер-министрі қызметінен кетті. Ел президенті Эммануэль Макронның отставканы қабылдап, Борнға атқарған жұмысы үшін алғыс білдірген, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мемлекет басшысы Элизабет Борнның "өз ісіне адалдығы мен табандылығын" атап өтті.

Елисей сарайы Борн жаңа үкімет тағайындалғанға дейін өз міндетін атқара беретінін айтты.

Айта кетейік, Борн Францияның министрлер кабинетін 2022 жылдың мамыр айынан бері басқарып келді.

9 қаңтар, 09:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.