Атырау, 26 қараша 00:34
 ашықВ Атырау -2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

2023 жылы облыс құтқарушылары қиын жағдайда қалған 172 тұрғынға көмек көрсетті

781 просмотра

ТЖД жедел-құтқару жасағының басшысы Әділхан ЖҰМАЛИЕВТІҢ айтуынша, құтқарушылар 200-ге жуық рет іздестіру-құтқару, авариялық-құтқару жұмыстарына, 180-ге жуық полиция қызметкерлеріне көмек көрсету үшін шақыртылып, есік ашу жұмыстарын жүргізген.

 - Есік ашу жұмыстары пәтерде тұрғынның науқастанып, өздігінен әрекет ете алмауы, кішкентай балалардың кілттеніп қалуы себепті жүргізілді. Біз ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмай, әрдайым бақылауда ұстауды ескертеміз. Сонымен қатар балаларыңызға өз еркімен балконға, терезенің алдына шығуына, москит торына сүйеніп тұруына, тұрмыстық электр құрылғыларын, шәйнек, үтік немесе жылыту құралдарын қосуына рұқсат етпеуін сұраймыз. Оларға құрылғыларды пайдалану қағидаларын үйретіп, қандай қауіп төндіретіні туралы түсінік жұмыстарын жүргізу қажет, - деді Ә.Жұмалиев.

Өткен жылы жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 450-ден астам авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ ол, «112» құтқару қызметінен келген SMS хабарламаларға аса назар аударып, төтенше жағдайдың куәсі болған жағдайда немесе өзіне қауіп төнсе 112 нөміріне хабарласу керектігін ескертті.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

ТЖД ұсынған сурет

9 қаңтар, 11:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.