Атырау, 26 қараша 00:35
 ашықВ Атырау -2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Шарон өзеніне батқан әйелді құтқарған полицейлер мен азамат марапатталды

Бейнежазба
958 просмотра

Бүгін облыстық полиция департаменті Құрманғазы ауданындағы Шарон өзенінде әйелді аман алып қалған құтқарушыларды марапаттады.

ҚР Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың бұйырығымен полиция бөлімінің қызметкерлері - тәрбие және кадр бөлімшесінің инспекторы Роман Насихан, патрульдік полиция бөлімшесінің қызметкерлері Артур Каримов, Нұрхат Зұлқаров, Әділбек Темірболат, Жандос Ибатуллаев, Амандық Айдыналиев және учаскелік полиция инспекторы Дархан Аманғалиев пен көмек қолын созған азамат Әди Бектеміровке «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалі табысталды.

Сондай-ақ, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев марапаттау сәтінде полиция қызметкерлерінің жетістіктерін ерекше атап өтті.

Еске салсақ, 25 желтоқсан күні аудан тұрғыны әйел адам мұз ойылып, Шарон өзеніне түсіп кетіп, бүгінгі қаһармандар құтқарған болатын.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

8 қаңтар, 22:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.