Атырау, 19 мамыр 05:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Оппенгеймер" киносы 5 "Алтын глобус" номинациясын иеленді

448 просмотра

Белгілі режиссер Кристофер Ноланның "Оппенгеймер" картинасы "Үздік драмалық фильм" номинациясы бойынша "Алтын глобус" сыйлығының иегері атанды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты The New York Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жалпы, Ноланның танымал киносы атом бомбасын жасаушы Роберт Оппенгеймер туралы баяндайды. Бұл – Кай Бёрд пен Мартин Шервиннің "Оппенгеймер. Американдық Прометейдің салтанаты мен трагедиясы" деректі кітабына негізделген фильм. Сондай-ақ, бұл фильм ғалым өмірінің негізгі оқиғаларын қамтиды.

Сонымен қатар, фильмдегі басты актер Киллиан Мерфи "Үздік драмалық актер" номинациясында "Алтын глобус" сыйлығымен марапатталды.

Бұдан бөлек, Ноланның жұмысы "Үздік режиссер", кіші Роберт Дауни ойнаған "Екінші пландағы рөл" және "Үздік түпнұсқалық саундтрек" номинациялары бойынша "Алтын глобус" сыйлықтарымен марапатталған болатын.

Сонымен қоса, "Үздік фильм" санатындағы (мюзикл немесе комедия) "Алтын глобус" сыйлығына Йоргос Лантимостың "Бақытсыз-байғұстары" ие болды. Ондағы бас кейіпкер әйел рөлін сомдаған әйгілі актриса Эмма Стоун "Мюзикл немесе комедиядағы үздік актриса" болып танылды.

Сондай-ақ, "Драма жанрындағы үздік әйел рөлі" жүлдесі Скорсезенің "Гүл айын өлтірушілер" фильміндегі рөлі үшін Лили Гладстоунға берілді.

Айта кету керек, Голливуд шетелдік баспасөз қауымдастығының 81-ші марапаттау рәсімі Астана уақыты бойынша дүйсенбі күні өткізілді.

Жалпы, "Алтын глобус" марапаттау рәсімі – Голливудтың шетелдік баспасөз қауымдастығы 1944 жылдан бастап кинофильмдер мен телевизиялық картиналардағы үздік жұмыстары үшін берілетін американдық сыйлық.

"Алтын глобус" сыйлығы жыл сайын қаңтар айында Голливудта тұратын 90-ға жуық халықаралық журналистердің дауыс беруімен тағайындалады.

8 қаңтар, 17:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.