Атырау, 26 қараша 00:38
 ашықВ Атырау -2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Кәрізге кілемше тастағандар жұмысшыларға демалыс бермеді

Сурет
836 просмотра

Екі күн демалыста «Атырау облысы Су Арнасы» КМК жұмысшылары 100-ден астам кәріз жүйесін тазалады. Мекеменің мәліметінше, қиындықтың басым бөлігі кәріз құбырларының бітелуінен туындаған. Instagram парақшасында жариялаған суреттерден, кәріз желісінен кілемшелердің де шыққанын байқауға болады.

- Бұл қала тұрғындарының дренаждық желіні дұрыс пайдаланбауынан, сондай-ақ тұрмыстық кәріз желісіне түсетін жаңбыр суынан туындауы мүмкін. «Атырау облысы Су Арнасы» КМК ауа райының қолайсыздығынан онсыз да тозған қалалық инженерлік желілерді дұрыс пайдалану қажеттігін еске салады. Тамақ қалдықтары, шүберек, кілемше, сүлгі және басқа да заттардың канализацияға түсуіне жол бермеңіз, - деп ескертеді кәсіпорын мамандары.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

8 қаңтар, 21:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.