Атырау, 12 сәуір 14:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +11
$ 514.94
€ 583.74
₽ 6.13

Атырауда жасөспірімдер арасында төбелес болды

909 просмотра 6 пікір

7 қаңтар сағат 04:04 шамасында 102 операторына Нұрсая м/а орналасқан көпқабатты тұрғын үй ауласында бірнеше адам төбелесіп жатыр деген ақпарат түсті, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.

Оқиға орнына Батыс-28, 29 экипаждары шықты. Құқық бұзушылыққа жол берген барлық тұлғалар полиция басқармасына жеткізілді. Арасында 2006 ж.т. екі жасөспірім бар, олардың ата-анасы шақыртылды.

Құқық бұзушыларға ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі, 437-бабы 1-бөлігі және кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің ата-анасына 442-бабымен жауапкершілік қарастырылып жатыр. 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

8 қаңтар 2024, 15:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16