Атырау, 24 желтоқсан 23:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Туың тұрсың төбеде

1 027 просмотра

Құрманғазы ауданының әлеуметтік саласында бірнеше жыл еңбек еткен мемлекеттік қызмет ардагері Өтеулиев Базарбай аға тұрғын үйінің маңдайшасына мемлекеттік туымызды іліп қойған.

Аудан басшысы Абат ЖАНҒАЛИЕВ ардагермен жолығып, жас ұрпақтың Туға деген құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталған бұл іс-әрекетіне өз атынан ризашылығын білдірді. Ту – Қазақстанның тәуелсіздігі мен тұтастығын айғақтайтын қастерлі дүние.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңның 4-бап 1-тармағына сәйкес, мемлекеттік ту басқа ғимараттарда олардың иелерінің еркі бойынша тігілуі мүмкін деп бекітілді. Туымызды патриоттық сезімдерін, қазақстандық бірегейлікті білдіру, елдің, оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында пайдалана алады.

Еске салайық, бұған дейін мемлекеттік рәміздерді қолдану ережесі шектелген еді. Бірақ 2020 жылдың желтоқсанында президенттің ұсынысымен олар қайта қаралып, қазақстандықтар туды пайдалануға, оның ішінде балкон мен ғимараттардың қасбеттеріне ілуіне рұқсат етілді.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

8 қаңтар, 15:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.