Атырау, 23 қараша 09:21
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Газа секторындағы азаматтық билік палестиналықтарға берілуі тиіс – Израиль Қорғаныс министрі

487 просмотра

Негізінен, ол секторды азаматтық басқаруға бағытталған, Израиль шекарасындағы әскери бақылауды және Газаның ішіндегі кез-келген қажетті әскери іс-қимыл мен қауіпсіздік шараларын қабылдау құқығын құптайды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Al Jazeera телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Газа секторының тұрғындары – палестиналықтар. Сондықтан, Израиль мемлекетіне қарсы дұшпандық әрекеттер немесе қоқан-лоққылар болмаған жағдайда, Палестина билігі жауапкершілікке өз мойнына алады", – деп түсіндірді The Times of Israel басылымы.

Сондай-ақ, баспасөз брифингінде Галлант Палестина билігінің соғыстан кейінгі Газаға қатысу мүмкіндігі туралы мәселе қазіргі кезеңде өзекті емес екенін атап өтті. Өйткені, ол елде қажетті реформаларды жүргізген жоқ.

Сонымен қатар, жоғары лауазымды қауіпсіздік қызметкерлері The Times of Israel басылымына жоспар бойынша жергілікті әкімшілікке жауапкершілікті беру бар инфрақұрылымды ескере отырып, барлығы бірден емес, біртіндеп жүзеге асырылуы қажет екенін алға тартты.

Осыған орай, Газа секторындағы еврей қонысын қалпына келтіруге деген ұмтылысы Галлант жоспарында алынып тасталған Израильдің қаржы министрі Бецалель Смотрич бұған үзілді-кесілді қарсылық білдірді.

"Галланттың қазіргі жоспары – 7 қазанға дейін  жасалған жоспарды қайталау болып табылады. Сондай-ақ, Газа секторы үшін шешім стандартты емес ойлауды және өзгертілген тұжырымдаманы талап етеді", - деп түсіндірді Смотрич.

5 қаңтар, 11:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.