Атырау, 15 қаңтар 22:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -8
$ 510.43
€ 594.86
₽ 6.49

Құрсай өзегін тазалау және абаттандыру жалғасуда

Сурет
1 573 рет қаралды

Жылыой ауданы Құлсары қаласын кесіп өтетін Жем өзенінің бір саласы Құрсай өзегін тазалап, абаттандыру жұмысы үш жылдан кейін жалғасын тапты.  

Құрсай өзегінің жалпы ұзындығы 30 шақырым. Бұрын-соңды жөндеу көрмей күтімсіз қалған өзекті қалпына келтіру, жағалауын абаттандыру жұмысы 2018 жылы қолға алынған болатын.

- "Теңізшевройл" компаниясы "Игілік" бағдарламасы негізінде демеушілік танытқан еді. Бүгінде Құрсай өзегінің 2 шақырым аумағын абаттандыру жұмысын мердігер "Орлан" ЖШС қолға алуда, - дейді Құлсары қаласының әкімі Қадыржан АДИНОВ. 

Құрылыс жұмыстары былтыр желтоқсан айында басталған, 2024 жылдың қыркүйегінде аяқталуы тиіс. Жағалауда жаяу адам жолы салынып, төсемтастар төселуде. Сондай-ақ 203 шам орнатылып, 103 ағаш отырғызылып және 103 қоқыс жәшігін орнату жүзеге аспақшы.  

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

5 қаңтар 2024, 12:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.