Атырау, 23 қараша 09:07
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мәскеу мен Киев жарты жылда алғаш рет тұтқын алмасты

591 просмотра

Ресей қорғаныс министрлігі мен Украина президентінің кеңсесі екі елдің тұтқын алмасқанын хабарлады. Мәскеу Украинаға басып кіруге қатысқан 248 әскери қызметкерін қайтарып алғанын, Киев 230 адам, оның ішінде алты бейбіт тұрғын қайтқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Украинаға оралған тұтқындардың бір бөлігі 2022 жылы Мариуполь қаласын қорғауға қатысқан.

Ресей қорғаныс министрлігінің хабарына қарағанда, екі ортаға Біріккен араб әмірліктері ара ағайындық жасаған. Мәскеу мен Киев соңғы рет 7 тамызда тұтқын айырбастаған еді.

  • Былтыр қарашада БҰҰ адам құқығы бойынша Украинадағы мониторинг миссиясының басшысы Матильда Богнер миссия қолында Ресей мен Украинаның әскери тұтқындарды азаптағаны, өлтіргені туралы мәлімет бар екенін хабарлаған. Киев бұл жөнінде іс қозғалатынын мәлімдеген, Мәскеу реакция танытпаған.
  • 2023 жылдың қарашасындағы Киев мәліметіне қарағанда, Ресей тұтқынында Украинаның 4337 азаматы болған. Оның 3574-і әскери қызметкер, 763-і бейбіт адам. 2023 жылы қазан айында Ресей билігінің өкілі Украина тұтқынында өз елінің 500 әскери қызметкері отырғанын мәлімдеген.

4 қаңтар, 17:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.