Атырау, 26 қараша 00:21
 ашықВ Атырау -2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Атырау Антикоры кәсіпкерлердің құқығын қорғады

1 099 просмотра

Бюджетке есептеу және төлеу саласындағы мониторинг жүргізу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті IV санаттағы объектілердің 20 операторы (табиғат пайдаланушылар) қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін 1,4 млн теңге сомасында салық төлегенін анықтады, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

Алайда, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР Кодексіне сәйкес, I, II және III санаттағы объектілердің операторлары ғана қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы төлеушілер болып табылады, ал салық салудың осы түрі бойынша IV санаттағы объектілердің операторлары салық төлеушілер болып табылмайды.

Бұл кемшіліктерге кәсіпкерлердің құқықтары туралы тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілмегендіктен жол берілді. Айта кету керек, Атырау облысының аумағында IV санаттағы объектілердің 252 операторы жұмыс істейді.

Өз кезегінде Департамент мониторинг қорытындысы бойынша кәсіпкерлерге төлемдерді қайтаруды жүзеге асыру және нысаналы топ арасында түсініктеме беру бойынша ұсынымдар енгізді.

Нәтижесінде 10 кәсіпкерлік субъектісіне 653 759 теңге кері қайтарылды, 3 субъект өз еркімен 710 884 теңге сомасын қайтарудан бас тартты.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

4 қаңтар, 18:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.