25 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында облыс көлемінде занды және жеке тұлғалардың пиротехникалық өнімдерді сақтау, есепке алу, колдану, сатып алу, тасымалдау, әкелу, әкету тәртібін сақтауын тексеру, сертификатталмаған өнімді көтерме жеткізушілерді анықтау бойынша «Пиротехника» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Іс-шара барысында полиция департаментінің қалалық басқарма, аудандық бөлімдері және төтенше жағдайлар департаментінің өрт қауіпсіздігін бақылау қызметкерлері катарынан бірлескен жұмыс тобы кұрылып, қала және аудандық елді мекендерде азаматтардың көп жиналатын орындарында заңсыз пиротехникаларды әкелу, сақтаудың жолын кесу, сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді көтерме жеткізумен айналысатын адамдарды анықтау бағытында 200-ден аса рейдтік іс-шара жүргізілді.
Тексеру кезінде сертификаты жоқ пиротехникалық бұйымдарды сатқан 13 құқықбұзушылық дерегі анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Анықталған деректер бойынша 225 дана сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдар алынды. Пиротехникалық бұйымды белгіленбеген орында заңсыз пайдаланғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабының 2-бөлігімен 1 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.