Атырау, 26 қараша 00:47
 ашықВ Атырау -2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Облыста 20 мектеп салынады

1 107 просмотра

Биыл Ы.Алтынсарин атындағы №11 мектептің орнына 2000 орындық мектеп салынады. Бұл туралы облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрберген ҚҰСАЙЫНОВ мәлім етті.

«Жайлы мектеп» жобасы аясында тоғыз білім беру нысаны салынып жатыр. Жайлы мектептің алтауы облыс орталығында, екеуі Құрманғазы ауданында және біреуі Жылыой ауданында. 

Сондай-ақ бұл 9 жайлы мектептен бөлек қазіргі таңда бюджет есебінен 11 білім беру нысаны салынып жатыр. Олар Атырау қаласы Көктем, Өркен ықшамаудандары мен Бірлік, Еркінқала, Ақжар ауылдарындағы 600 орындық, Талқайраң ауылындағы 900 орындық, Құлсары қаласы Береке ықшамауданындағы 600 орындық, Индер ауданы Есбол ауылындағы 320 орындық орта мектеп, Индербор кентіндегі 300 орындық мектеп-гимназия мен 200 орындық интернат, Құлсары қаласындағы №20 орта мектепке 180 орындық, Индер ауданы Көктоғай ауылындағы Б.Нысанбаев атындағы орта мектептің 120 орындық жапсаржайы. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

4 қаңтар, 15:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.