Атырау, 26 қараша 02:42
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қоғамдық көліктерде хабарламалар автоматтандырылады

Бейнежазба
996 просмотра

1 қаңтардан бастап Атырау қаласындағы №2, 12 және  14 автобустарда автоматты ақпараттандыру құрылғысы іске қосылды. Бұған дейін тоқтайтын және келесі аялдаманы автобус жүргізушісі хабарлап келсе, енді автоматты түрде ақпараттандырылып отырады.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, аталған үш бағыттағы автобустар сынақтан толық өткеннен кейін, қалған қоғамдық көліктерге де осы құрылғы орнатылатын болады.

Жолаушылар көлігіне арналған автоматты ақпараттандырғыш – бұл көлік құралының салонындағы динамиктер арқылы алдын ала жазылған аудио файлды ойнату арқылы жолаушыларға қажетті уақытта дыбыстық хабарлама жіберуге, соның ішінде кезекті аялдаманы жариялауға мүмкіндік беретін құрылғы.

Бұл жүргізушіге микрофонды үнемі пайдалану қажеттілігінен құтқарып, жол қауіпсіздігін сақтауға бағытталған, дейді әкімдіктегілер.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

4 қаңтар, 12:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.