Атырау, 26 қараша 02:32
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Құлсарыда дәмді тоқаш пісіретін цех ашылды

884 просмотра

Жылыойлық кәсіпкер ұннан жасалған өнімдер дайындайтын цех ашып, 30 адамды жұмыспен қамтып отыр

Кәсіпкер Дархан ҚОЙЛЫБАЕВ «Kulsary foods» атты ұннан жасалған өнімдер дайындайтын цех ашты. Онда жергілікті тұрғындар жұмыс істейді. 

- Бізде өнімнің көбі Ресейден келеді. Сыртқы өнімдерге мұқтаж болып жатамыз. Сол себепті 2022 жылдан бері осы кәсіпті ашуды жоспарлап, 7-8 ай бойы зерттеп, дайындап, жұмысымызды бастадық. Құрылғылар Иран елінен алынған. Ал өнімдерді дайындауға арналған шикізатты жергілікті кәсіпкерлерден аламыз, - дейді кәсіп иесі. 

Аталған өнімдер Жылыой ауданындағы, Теңіз кенішіндегі және Маңғыстау облысының Бейнеу, Атырау облысының Мақат ауданындағы 300-ден астам азық-түлік дүкендерінде сатылып жатыр. Қазіргі таңда мұнда күніне 500 дана, айына 15000 дана өнім шығарылады. Цехта кекс, бал қосылған коржик, шоколад, лимон қосылған және айранмен дайындалған пряник пен екі түрлі сухарик дайындалады. 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

4 қаңтар, 09:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.