Атырау, 26 қараша 02:33
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Көкарнадағы қайғылы оқиға: екі адам жансақтау бөлімінде көз жұмды

Толықтырылды
1 367 просмотра

3 қаңтар күні таңертең Кокарнада газ-ауа қосыпасының жарылысынан зардап шеккен отбасы мүшелерінің бірі қайтыс болды.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 2 қаңтарда болған. Газ дүмпуінен үйдің қабырғасы опырылып, үй өртенген. Оқиға кезінде үйде отбасының бес мүшесі болған. Олардың барлығы ауруханаға жатқызылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін таңертең 1965 жылы туған ер адам облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды. Тағы төрт адамның, оның ішінде 2021 және 2023 жылы туған екі баланың жағдайы ауыр.

«АЖ»-ға хабарлағандай, ересек отбасы мүшелерін 90-95 пайыз күйік шалған. Бірі 4 айлық екі сәби балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр, екеуінің де денесін 80 пайыз күйік шалған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 қаңтарда газ-ауа қоспасының дүмпуінен екінші зардап шегуші 1970 жылы туған әйел жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Айнұр САПАРОВА

3 қаңтар, 15:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.