Атырау, 23 қараша 09:04
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Жапониядағы жер сілкінісінен 30 адам қаза тапты

735 просмотра
Сурет: theins.ru

Жапонияда бірнеше күшті жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 30-ға жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зардап шеккен жапондардың барлығы әлі құтқарылған жоқ. Жапония премьер-министрі Фумио Кисиданың сөзінен осындай қорытынды жасауға болады.

Оның айтуынша, зардап шеккен аймақтағы жолдардың зақымдануына байланысты құтқару қиынға соғып жатыр. Исикава префектурасының салыстырмалы түрде шалғайдағы Ното түбегіндегі ең қатты зардап шеккен аймаққа мыңдаған әскери қызметкер, өрт сөндіруші мен полиция жіберілді.

"Өте ауқымды залал расталды. Оған құрбандардың көп болуы, ғимараттардың опырылуы мен өрттер қоса есептелді", - деді премьер-министр.

Осыған сүйене отырып, қаза болғандар саны әлі де өсе береді деген қорытынды жасауға болады.

Бұған дейін 24 адамның қаза тапқаны хабарланған еді.

2 қаңтар, 14:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.