30 желтоқсанда сағат 00:50 шамасында қаладағы дәмханалардың бірінде 1999ж.т. және 1996 ж.т. екі тұрғын өзара сөзге келіспей қалды, деп хабарлайды Атырау қалалық полиция басқармасы.
Нәтижесінде 1999 ж.т. ер адамды 1996 ж.т. ер адам құлатып ұрған. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, ізін суытпай құқық бұзушылыққа жол бергендерді анықтады. Оларды ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен ("Ұсақ бұзақылық") әкімшілік қамауға алды.
Іс-құжаттар жинақталып сотқа жолданады.