Фестиваль Құрманғазы ауданында шілде айының бірінші онкүндігінде өтеді деп жоспарланған, алайда бұл мәселе әлі де талқыланып жатыр.
Біздің Құрманғазы ауданы Қазақстанның бүкіл кеңістігінде бұл гүлдердің ғажайып сұлулығын көрсете алатын жалғыз аудан екенін бірі білсе, бірі білмес. Лотостар шілде айының ортасында гүлдей бастап, тамыз айының соңына дейін көз тартып тұрады.
Лотос алқабы Қиғаш-Шора өзенінің бойында орналасқан және бес мың гектардан астам аумақты алып жатыр. Мұндай басқа жер жоқ, сондықтан ол Қызыл кітапқа енгізілген. Ол шешек атқан кезде бұл жерге жергілікті тұрғындар мен саяхатшылар Атырау облысына сұлу көріністі тамашалау үшін арнайы ат арылтып келеді.
Құрманғазы ауданының әкімі Абат ЖАНҒАЛИЕВТЫҢ айтуынша, лотос алқабы табиғат сұлулығын бағалайтындар үшін тағы бір тартымды орынға айналуы мүмкін.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
«АЖ» мұрағатынан алынған суреттер