Жаңа жыл қарсаңындағы турдың орталық шайқасы - 2023 жылдың тамаша аяқталуы. "Кәрі синьора" жанкүйерлерінің мерекелік көңіл-күйіне қаяу түсірмес үшін қолынан келгенін жасайды.
"Ювентус"
Макс Аллегридің шәкірттері турнир кестесінің көшбасшысы "Интер" - дің ізін қалыспай басып келеді және үшінші болып келе жатқан "Миланнан" айтарлықтай алшақтады. Сонымен қатар, "Юве" қорғаныста айтарлықтай мықты болып, жіберіп алған доптар бойынша Еуропа чемпионаттарының ТОП-бестігіндегі ең үздік көрсеткіштердің біріне ие.
"Кәрі синьораның" тәлімгері римдіктерге қарсы шайқаста ұзақ уақыттан бері жарақат алған Погба мен ұзақ уақытқа шеттетілген Фаджоллиді есепке алмағанда, Алекс Сандро, Маттео Де Шильо, Андреа Камбиассо және Мойзе Кин сияқты бірқатар орындаушыларын алаңға шығара алмайды. Сонымен қатар, Федерико Кьеза мен Мануэль Локателлидің кездесуге қатысуы да күмән тудырып отыр.
"Ювентустың" соңғы 5 матчы
Фрозиноне - Ювентус 1:2
Дженоа - Ювентус 1:1
Ювентус - Наполи 1:0
Монца - Ювентус 1:2
Ювентус - Интер 1:1
"Рома"
Жозе Моуриньо өткен турда әрекеттегі чемпион "Наполиді" жеңгеннен кейін өз бақытын жасырмаған еді. Сол кездесуде оған барлығы дерлік ұнады. Алайда, португалдықтың азғырмағаны абзал болар еді, өйткені бірнеше күн бұрын оның командасы "Болоньядан" ойсырай жеңіліп қалған болатын.
Римдіктердің лазаретінде - Кумбулья, Авраам және Смоллинг. Оған қоса, Дибала, Аура, Спинаццоланың қатысуы да күмән тудырады.
"Романың" соңғы 5 матчы
Рома - Наполи 2:0
Болонья - Рома 2:0
Рома - Шериф 3:0
Рома - Фиорентина 1:1
Сассуолло - Рома 1:2
Жеке кездесулер тарихы
"Рома" соңғы рет Туриннен жеңісті 2020 жылы қанжығасына байлап әкеткен еді. Жалпы, осы командалар арасындағы соңғы 10 матчта "Ювентус" 5 рет, ал римдіктер болса үш рет жеңіске жеткен.
Матчқа болжам
Менің ойымша, "Кәрі синьора " бұл кездесудің фавориті. Мен Parimatch-тағы достарым ұсынған "Ювентустың жеке тоталы 1-ден көп" нұсқасына 1.73 - коэффициентіне көңіл аударар едім.