Атырау, 26 қараша 02:52
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қала маңы қараңғылық құшағында қалды

Бейнежазба
1 274 просмотра

Желдің жылдамдығы 28 м/с-қа жеткен жаяу бұрқасын қала маңындағы тұрғындарды жарықтан айырды. Курилкино бау-бақша қоғамы тұрғындарынан қоңыраулар түсті. Ол жердегі тұрғындардың бәрінің жылыту қазандықтары электр жарығынсыз автоматты түрде өшіп қалған.

Зарослый, Жұлдыз, Алмалы, Өркен, Химпоселок ықшамаудандары, Атырау, Ақсай, Жерұйық, Стройконтора, Еркінқала, Сарыөзек және Тасқала ықшамаудандары да жарықсыз қалған. Сағат 22:00-де «АЖ» облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен: «желідегі апат күшті желдің салдарынан орын алды. Қазір оны жоюға «Атырау-Жарық» АҚ-ның 14 бригадасы жұмылдырылды» деген жауап алды.

Сондай-ақ, сол күні кешкісін Жилгородок тұрғындарының бір бөлігі де жарықсыз қалғаны белгілі болды.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Суреттерді түсірген автор

29 желтоқсан 2023, 02:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.