Атырау, 26 қараша 02:22
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Мұз ойылып, екі адам суға түсіп кетті: оларды Атырау облысының полиция қызметкерлері құтқарды​

Бейнежазба
1 469 просмотра

Мұз ойылып, екі адам суға түсіп кетті

Атырау облысында полицейлер мұз астына түсіп кеткен әйел мен оған көмектеспек болған ер адамды құтқарды

25 желтоқсанда сағат 19:20 шамасында Құрманғазы ауданы Шарон өзені үстінде белгісіз әйел адам мұз ойылып, суға түсіп кеткені жөнінде аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне хабар түскен. Аудандық полиция бөлімінен саптық жиыннан тарап келе жатқан полиция қызметкерлері хабарды естіген бойда дереу оқиға орнына қарай шықты.

Аталған хабарламаны естіген тәрбие және кадр бөлімшесінің инспекторы Роман НАСИХАН да уақыт өткізбей жеке автокөлігімен оқиға орнына жеткен. Оқиға орнына бірінші жеткен ол автокөліктен арқан жіп алып, мұздың үстіне шыққан. Сол жерден көмекке келген ер адамның да мұз ойығына түсіп кеткенін көрген.

Көп кешікпей, патрульдік полиция бөлімінің қызметкерлері Артур КАРИМОВ, Нұрхат ЗҰЛҚАРОВ, Әділбек ТЕМІРБОЛАТ, Жандос ИБАТУЛЛАЕВ, Амандық АЙДЫНАЛИЕВ және учаскелік полиция инспекторы Дархан АМАНҒАЛИЕВ көмекке келді. Құтқару жұмыстары барысында бірнеше адамды бірден көтере алмай, мұз ойылып кетіп, полиция қызметкерлері де суға малынды. Әйтеуір, бәрі аман. Кейін анықталғандай, суға түсіп кеткен 64 жастағы қала тұрғыны екен. Ал алдымен оның көмекке шақырған даусын естіп, ойланбастан құтқаруға ұмтылған ер азаматтың жасы 27-де. Қазір құтқарылған әйел дәрігердің бақылауында, ал ер азаматқа медициналық көмек қажет болмады.

Дайындаған Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

26 желтоқсан 2023, 10:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.