Атырау, 23 қараша 09:20
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Шойгу Донецк облысындағы Марьинка қаласын басып алдық дейді. Украина бұл ақпаратты растамады

577 просмотра
Сурет: t.me/ermaka2022

Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Ресей президенті Владимир Путинге Донецк облысындағы Марьинка қаласына бақылау орнаттық деп есеп берді, деп жазады Azattyq.org

Путин мұны жетістік деп, көзге түскен әскерилерді марапаттауды ұсынды. Марьинка қаласы үшін шайқас он жылға созылды. 

Ресей әскерінің бұл қаланы алғаны туралы алғашқы хабар 24 желтоқсан кешкісін ресейлік әскери тілшілердің телеграм-арналарында шыққан. "Операция Z" телеграм-каналы Ресей әскері Марьинка маңындағы Новомихайловка ауылының маңында да ауыр шайқас жүргізіп жатқанын айтқан. Егер Ресей Новомихайловканы алса, Угледарға жол ашылуы мүмкін. 

Украина қарулы күштерінің бас штабы Марьинканың Ресейдің бақылауына өткені жайлы хабарламады. Украина әскері 25 желтоқсандағы есебінде Марьинка мен Новомихайловка маңында қорғанысты ұстап тұрғанын айтқан.

26 желтоқсан 2023, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.