Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бойынша іс-шаралар жүргізілуде.
2023 жылдың желтоқсан айында шаралардың нәтижесінде алкоголь өнімдерін Мемлекеттік лицензиясыз және темекі өнімдерін есепке-алу бақылау маркаларынсыз, сәйкестендіруге келмейтін үлгіде заңсыз жолмен сатумен айналысқан тұлғалар анықталды. Жалпы алкоголь өнімдерінің саны 1222 шыны, темекі өнімдерінің саны 311 дана. Іс-материалдары әрі қарай шешім шығару үшін Әкімшілік сотына жолданды.
2023 жылда заңсыз акциз өнімдерінің (оның ішінде 30 668 литр алкоголь өнімдері, 1 142 806 қорап темекі өнімдері, 14 697 тонна мұнай өнімдері) жолы кесілді.
Алдағы уақытта заңсыз акциз өнімдері бойынша нақты фактілер мен деректер анықталған жағдайда мына телефондарға хабарласыңыз : 8 (7122) 31-84-30, 8 (7122) 31-84-26.
Салықтар туралы толығырақ ақпаратты 1414 телефоны арқылы немесе @atyrauobl_mkd парақшасынан біле аласыздар.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА