22 желтоқсан күні сағат 20:00 шамасында республикалық маңызы бар Астрахань-Ақтөбе тас жолының 513-514 шақырым тұсында маркасы Toyota Avalon және Ваз 2114 автокөліктері соқтығысып жол апаты орын алды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Нәтижесінде маркасы Ваз 2114 автокөлігінің 1988 ж.т. жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталуда.
Айта кетейік, маркасы Toyota Avalon автокөлігінің жүргізушісіне Атырау облысы ПД жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері 22 желтоқсан күні сағат 15:00 шамасында ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабының 1-бөлігімен, яғни тас жолдағы көлік жылдамдығын асырғаны үшін әкімшілік хаттама жасақтаған. Сондай-ақ, Toyota Avalon автокөлігінің 1999 ж.т. жүргізушісі бұған дейін ҚР ӘҚБтК 592-бабының 1,3,4-бөлігі, 593-баптың 1,3-бөлігі, 600-баптың 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бірнеше рет ескерту алған. Алайда, көлік жүргізушісі бірнеше рет жасалған ескертулерге қарамастан жол апатының орын алуына себепші болғаны анықталды.
Атырау облысының полицейлері жол қозғалысына қатысушылардың назарын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға аударып, өздерінің және өзгенің өміріне қауіп төндірмеуді сұрайды.