Атырау, 26 қараша 03:54
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Облыс бойынша ұстаздардың орташа жалақысы 254 мың теңгені құрады

1 144 просмотра

Осы жылдың үшінші тоқсанында білім беру саласындағы орташа айлық атаулы жалақы 247,4 мың теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 11 пайызға артық. Инфляцияны ескерсек, жалақының сатып алу қабілеті 1,7%-ға төмендеді, деп хабарлайды Ranking.kz сарапшылары.

Атырау облысындағы ұстаздар орта есеппен 254,2 мың теңге алады, бұл 2023 жылдың үшінші тоқсанымен салыстырғанда 13,8%-ға жоғары.

Өңірлер бойынша сала қызметкерлері елордада ең көп алған: 338,7 мың теңге — былтырғыдан 5,7% аз. Үздік үштікке сондай-ақ Алматы (279,1 мың теңге) мен Қостанай облысы (279 мың теңге) кірді.

Ең аз алған білім саласы қызметкерлері Маңғыстау облысында: 216,2 мың теңге.

Саладағы ең жоғары жалақыны жоғары оқу орындарының қызметкерлері (333,4 мың теңге), ең азын мектепке дейінгі білім беру саласының қызметкерлері (156,3 мың теңге) алды.

Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ

22 желтоқсан 2023, 17:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.