15 желтоқсан күні Атырау облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Өзбекстан Республикасының азаматын күш қолдану арқылы заңсыз ұстаған күдіктілерді ұстады.
Күдіктілер қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінде 30 жастағы шетелдік азаматты ұрып-соғып, 1 100 000 теңге мөлшерінде ақша бопсалаған. Түрлі дене жарақатын алған жәбірленуші ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Күдіктілер 1987 ж.т. және 1991 ж.т. Өзбекстан және Қазақстан Республикасының азаматтары, олар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 194-бабының 2-бөлігімен, 126-бабының 2-бөлігімен («Бас бостандығынан заңсыз айыру») сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілерге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ