Атырау, 19 мамыр 03:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Молдова: Қош бол, ТМД!

511 просмотра

Еуорордақтың құшағына Ресеймен мүлдем шешілмейтін жер дауы бар үш ел қосылмақшы. Олар Украина, Гүржістан және Молдова, деп хабарлайды mezgil.kz.

Олардың ішінде тек Молдова ғана ТМД-ға мүше. Солай бола тұрса да, Молдова ЕО-ға қосылуға келіссөздерді бастайтын болды. Және осы елдің Парламенті бастапқыда Приднестровьесіз де қосыла береміз деген тоқтамға келді.

465 800 тұрғыны бар Приднестровь 1990 жылдың 2 қыркүйегінде Молдова КСР-ден бөлінетіндігін мәлімдеді. Приднестровь Молдова Республикасы Ресей армиясының генерал-лейтенанты Александр Лебедтің арқасында 1992 жылы Молдова КСР құрамынан шықты. Қазір бұнда 213 000 РФ азаматы тұрып жатыр.

Молдованың бас ауруы бір бұл емес. «Gagauz Yeri» атанған тағы бір өңірі бар. Тарихқа көз салсақ, ғағауыздар Молдованың оңтүстігінде орын алған. 1946-47 жылғы аштықта қынадай қырылса да, Сібірдің айдауында болып, не бір азап көрсе де, араға 50 жыл салып, нағыз Ресейшіл аймаққа айналып шыға келді.

Ресейдің 2014 жылы Қырымды Украинадан тартып алуы – Еуроодақты Молдова және Грузиямен ассоциациялық келісімге қол қоюға ниеттендірді.

Енді араға 10 жыл салып, Молдова 2024 жылдың соңына қарай ТМД-дан шығатынын мәлімдеді. Бұл туралы Молдова Республикасы Сыртқы саясат және Еуроинтеграция жөніндегі Парламенттік комиссия төрағасы Дойна Герман айтты.

«Молдова Парламенті ТМД шеңберінде қол қойылған Қорғаныс саласындағы барлық келісімдердің күшін жоюды жоспарлап отыр. Кишинев бұдан былай ЕО елдерімен ғана осындай келісімдер жасасады», - деді бейсенбіде Дойна Герман.

Молдова Парламентінің күн тәртібіне ТМД-мен стратегиялық Қарулы Күштер туралы, ТМД-ның Қарусыздану мәселелері жөніндегі бірлескен консультативтік комиссиясы туралы, сондай-ақ Біріккен ядролық зерттеулер институтының жарғысы туралы келісімдердің күшін жою туралы бастамалар енгізілді.

Қыркүйек айының соңында Молдова Үкіметі ТМД аясында қол қойылған тағы 13 келісімнің күшін жою туралы шешімдерді мақұлдады. Құжаттар «ескірген, маңызды емес және бүгінгі Молдованың сыртқы саясат бағытына сәйкес келмейді» деп танылды.

Ақпан айында Сыртқы істер және Еуропалық интеграция министрі Ник Попеску«Молдова ТМД шеңберіндегі бірнеше ондаған келісімдерден шығу процесін бастайды», - деп мәлімдеді. Оның айтуынша, республика ТМД-ның 330-ға жуық келісімінің қатысушысы болып табылады, олардың көпшілігі қайта қарауды қажет етеді.

Көктемгі-жазғы сессия кезеңінде Молдова Парламенті ТМД аясында қол қойылған 20-дан астам келісімнің күшін жойды.

Молдова президенті Майя Санду «елдің айтарлықтай дамуы үшін Еуропа одағының жеткілікті» екенін алға тартты.

Санду: «Біз алда үлкен салмақты жолдардың тұрғанын жақсы сезінеміз. Біз оған дайынбыз. Бұл елдегі барлық азаматтардың, мемлекеттік қызметкерлер мен жеке сектордың бірлескен күш-жігері арқылы жүзеге асады», – деді.

ТМД аясында қол қойылған келісімдерді саралай келе, Кишинев олардың кейбіреулерінен бас тартпақ.

Президент Майя Санду: «Молдова үкіметі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) аясында қол қойылған келісімдерді талдап жатыр, содан кейін олар кейбір құжаттардан бас тарту туралы ұсыныстар жасайды»,- деді.

«Соңғы 30 жылда жүздеген келісімге қол қойылды. Жыл сайын құжаттарға қол қойылып келді, олардың көпшілігі қажетсіз. Қазір мұның барлығы сарапталып жатыр», - дейді Санду.

Біз КСРО құлаған кезде ең соңында одақтан шыққан ел едік. Ал қазір есі бар жұрттың бәрі шығып жатқан ТМД-дан шығу туралы талқы қазақ қоғамында айтылып жатқан да жоқ...

21 желтоқсан 2023, 16:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.