Республикалық маңызы бар Атырау - Доссор тас жолында 90 келіге жуық заңсыз бекіре тұқымдас балық тасымалдаған күдікті ұсталды.
8 желтоқсан күні Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері тас жолда күдік тудырған 1971 ж.т. қала тұрғынының басқаруындағы Lada Vesta автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында көліктен салмағы 84,9 кг құрайтын 27 дана бекіре тұқымдас балықтары және 1,9 кг құрайтын бекіре тұқымдас балығының қара уылдырығы тәркіленді.
Аталған дерек негізінде ҚК-тің 339-бабының 2-бөлігі («Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА