Мақат ауданының прокурорлары бюджеттен осындай соманы үнемдеуге көмектесті.
Мемлекеттік сатып алу саласында қаржыны ұтымсыз пайдалану фактілері анықталды. Мәселен, аудандық құрылыс бөлімі мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылған жеткізушімен шарт жасасқан. Прокурордың талабы негізінде келісімшарт бұзылып, бюджет қаражаты үнемделді.
Анықталған заң бұзушылықтардың нәтижесі бойынша Мақат ауданы әкімдігінің 5 лауазымды тұлғасы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Тағы бір жағдай аудандық білім беру бөлімінің 1989 жылғы ескі ғимаратты мектепке дейінгі білім беру үшін 53,5 миллион теңгеге сатып алмақ болған заңсыз әрекетіне қатысты. Прокурордың араласуының арқасында бұл конкурс жойылып, осы үшін жауапты тұлғаларға қатысты істер тәртіптік комиссияға жолданды.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА