Атырау, 26 қараша 05:19
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

АМӨЗ бас директоры қызметінен кете ме?

952 просмотра

Бүгін, 19 желтоқсанда таңертең әлеуметтік желілерде «AМӨЗ» ЖШС бас директоры Мұрат ДОСМҰРАТОВТЫҢ қызметінен кететіні туралы ақпарат пайда болды.

Бұл хабарламаға түсініктеме беруді сұрағанымызда, АМӨЗ баспасөз қызметі Досмұратовтың қазір жұмыс орнында екенін және бұған қатысты ресми мәлімдеме жоқ екенін айтты.

М.Досмұратов осыдан бір жарым жыл бұрын, 2022 жылдың 19 шілдесінде «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС бас директоры болып тағайындалғаны белгілі.

Айнұр САПАРОВА

19 желтоқсан 2023, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.