Атырауда қаланы безендіру жұмыстары басталып кетті. Биыл 7 шыршаны орнатуға 19 млн 180 мың теңге бөлінді.
Жаңа шыршалар Атырау қаласының Нұрсая, Вокзал маңы С.Мұқашев алаңы, Балықшы шағын аудандары мен Атырау әуежайы, Исатай-Махамбет алаңы, Бейбарыс алаңы және М.Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық академиялық драма театры алдына орнатылады. Бұл туралы Атырау қаласының әкімі Шәкір КЕЙКИН хабарлады.
Орталықтарға орнатылатын шыршалардың жақтауы бұрынғыша, тек ойыншықтары мен жылтыр шамдары өзгеретіні белгілі болды.
- Бұдан бөлек, қала көшелерін безендіруге NCOC, «КазТрансОйл», BI, АИС, АНПЗ, БАЗИС-А секілді ірі мекемелер атсалысады.
Мысалы, Әуезов көшесін Жилгородок көпірінің үстіне дейін АМӨЗ безендіреді, - деді Атырау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Құралай ҚҰМАРОВА.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ