Атырау, 5 мамыр 03:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Қызылқоғада үш қайраткердің құрметіне этнофестиваль өтті

Сурет
798 просмотра

Қызылқоға ауданында Алаш қайраткері Халел Досмұхамедовтың туғанына 140 жыл, ақын-композитор, жорық жыршысы Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл, Мұрат Мөңкеұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Тұғыры биік тұлғалар» атты батыс аймақтық этнофестиваль өтті.

Этнофестиваль Қазақстанның құрметті журналисі, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Төлеген Жаңабайұлының «Қайсар Халел» пьессасымен басталып, «Тарих және рухани сабақтастық» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға жалғасты.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау және Атырау облысының садақшылары этнофестиваль аясында ұйымдастырылған садақ ату байқауына қатысты. Сайыста 3 кезеңде де өзінің мықтылығын дәлелдеген атыраулық Марат Бексұлтанұлы жарыстың жеңімпазы атанса, жылыойлық Серікболсын Шабаев 2-орын, Аңсар Құлметенов 3-орынға ие болды.

Сонымен қатар, аталған этнофестиваль аясында батыс өңірінің күйші-термешілері арасында байқау өткізілді. Сайыста Махамбет Өтемісұлының «Мен, мен едім, мен едім», «Менің атым Махамбет», «Арғымақтан туған қазанат», «Ей, Махамбет жолдасым», «Аспанда ұшқан бозторғай» сынды еңбегінің бірін қатысушының қалауы бойынша орындалса, екінші кезеңде Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян», «Сырыарқа», «Әттең, бір қапы дүние-ай», «Топқа түскендегі толғау», «Жалғаншы пәни жалғанда» шығармасы жырланды.

Байқауға Ойыл (Ақтөбе), Жылыой, Мақат, Исатай, Махамбет, Қызылқоға, Сырым (Батыс Қазақстан), Құрманғазы аудандарынан және Атырау қаласынан жас күйші, термешілер қатысты.

Дүбірлі дода нәтижесінде күйшілер байқауы бойынша бас жүлде атыраулық Бейімбет Каримовке, I орын қызылқоғалық Махмут Есетке, II орын атыраулық Зулкарнай Қайратовқа, III орын жылыойлық Хамит Сағынбаев пен махамбеттік Рамиль Елемесовке берілді. Сондай-ақ термешілердің арасынан бас жүлде атыраулық Аружан Ерімоваға, I орын жылыойлық Ризабек Серікке, II орын қызылқоғалық Ұлан Жакеновке, III орын құрманғазылық Құралай Кудиярова мен исатайлық Әсем Батиховаға бұйырды.

Қазылар алқасының шешімімен бас жүлде қызылқоғалық Батыржан Кәдірбайға бұйырса, бірінші орынды Батыс Қазақстан облысынан келген Бауыржан Шермеденұлы, екінші орынды құрманғазылық Нұрбейбіт Нұғыманов, үшінші орынды маңғыстаулық Жанболат Алиев пен ақтөбелік Қайырхан Жұманиязов иеленді.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

19 желтоқсан 2023, 20:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.