Көктайғақ кезінде патрульдік полиция қызметкерлері жолдағы жүргізушілерге көмек көрсетіп жатыр.
Тас жолдардың көктайғақ болуына байланысты Атырау-Құрманғазы бағытындағы тас жолда көлік құралының барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілгені белгілі.
Атырау облысы полиция департаментінің жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Атырау қаласына және Құрманғазы ауданы бағытына көлік құралдарын қызметтік көліктердің бағыттауымен жеткізу жұмыстарын жүргізуде.
Құрманғазы ауданы бағытына 100-ге жуық, Атырау қаласы бағытына 150-ден астам көлік жөнелтілді.
Құрметті көлік жүргізушілері! Өзіңіздің және өзгенің өміріне қауіп төндірмеу үшін алыс сапарлардан уақытша бас тартуыңызды сұраймыз!
Ләззат ҚАРАЖАНОВА