Атырау, 26 қараша 04:50
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Атырау-Астрахань тас жолының учаскесі көлік қозғалысы үшін жабық

1 089 просмотра

Ауа-райының нашарлауына байланысты (ауа температурасының төмендеуі, жаңбыр, жауын-шашын, бұрқасын, қатты жел, көру мүмкіндігінің шектелуі) Қазақстанның 5 облысындағы республикалық маңызы бар тас жолдардың 8 учаскесіндегі қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлайды Қазавтожол. 

Атырау облысы – 1 учаске

«Ақтөбе-Атырау-РФ (Астраханьға)» 712-893 км, Жанбай ауылы Ресей шекарасына дейін (Астраханьға дейін).

Шектеу көліктің барлық түріне қатысты

(жаңбыр, көктайғақ).

 

Алматы облысы – 1 учаске (84 км.)

«Алматы-Ташкент-Термез» 59-143 км, Жаңақұрылыс ауылының уч. - Жамбыл облысының шекарасы

Шектеу көліктің барлық түріне қатысты

(Жамбыл облысында ауа райының нашарлауына байланысты).

 

Жамбыл облысы – 4 учаске (505 км)

1. «Алматы-Ташкент-Термез»  Кенен ауылы уч.- Қайнар ауылы (жаңа Қордай асуы) -95 км;

2. «Шу-Қайнар» Шу-Қайнар уч. – 56 км.

3. «Алматы-Ташкент-Термез» 239-593 км, Түркістан облысы Қайнар ауылы уч. – 354 км;

4. «Алматы-Ташкент-Термез» 143-238 км, Алматы облысы – Қайнар ауылы уч.

Шектеу көліктің барлық түріне қатысты

(қар, көру мүмкіндігінің төмендеуі, минус температурадағы жаңбыр, көктайғақ).

 

Жетісу облысы – 1 учаске (100 км)

«Үшарал-Достық» Көктума станциясы – Достық станциясы уч. – 100 км.

Шектеу көліктің барлық түріне қатысты

(қарлы боран, көру мүмкіндігі шектеулі).

 

Түркістан облысы – 1 учаске (61 км)

1. «Алматы-Ташкент-Термез» 593-654 км, Жамбыл облысы – Машат ауылы уч. – 61 км.

Шектеу көліктің барлық түріне қатысты

(Жамбыл облысында ауа райының нашарлауына байланысты).

16 желтоқсан 2023, 13:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.