Атырау, 26 қараша 04:23
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Балалар тарапынан меншікке және қоғамдық тәртіпке қарсы 65 қылмыс жасалған

951 просмотра
gov.kz 

Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкеновтің төрағалығымен әкімдік жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл мәселелері туралы ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.

Жиында аймақта сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің басшысы Ерұлан Серікқалиев баяндама жасады. Оның айтуынша, Агенттік жанынан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы жүзеге асырылды.

- Жобаға белсенді азаматтар, қоғамдық бірлестіктер, жеке және квазимемлекеттік сектор субъектілері және басқа да ұйымдар қатысты. Бұл жоба оң нәтижесін көрсетті. Оған 1 881 ерікті, оның ішінде Атырау облысынан 65 ерікті тіркелді. Олардың бірлескен жұмысының нәтижесінде мемлекеттік сатып алу мониторингі шеңберінде шамамен 8 миллион теңге үнемделді. Мәселен, Атырау облысы Мақат ауданының еріктілері көшеттерді бірлігін 15 000-ға сатып алу кезінде жалпы сомасы 1,5 млн. теңгеге бағаны көтеру фактісін анықтады. Бұдан басқа, волонтерлермен «100 ауланы абаттандыру» шеңберінде 14 млн.теңгеге жуық бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол берілмеді. Бұл жоба жалғасын табады,-деді Е.Серікқалиев.

Биыл есепті кезеңде мемлекеттік аудит объектілерімен веб-портал арқылы мемлекеттік конкурсқа қатысушылардан Хабарламада көрсетілген құқық бұзушылықтармен келіспейтінін айтып, апелляциялық комиссияға 113 қарсы шағым жолдады. Бұл туралы Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Мәулен Мутиев өз баяндамасында айтты.

- Сонымен қатар мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы барлығы 1 062 әлеуетті өнім берушілердің шағымдары түсіп, қаралды. Сондай-ақ 105 хабарлама белгіленген мерзімде немесе тиісті түрде орындалмаған, 5 мемлекеттік аудит объектілерінің кодтары мен шоттары тоқтатылған. Есепті кезеңге лауазымды тұлғаларға қатысты 94 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 5 әкімшілік іс сотпен қысқартылған, қалған 89 әкімшілік іс бойынша барлығы 4,6 млн.теңге айыппұл салынып, толықтай бюджетке өндірілді, 11 әкімшілік іс қаралуда,-деді М.Мутиев.

Облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Әбдіғани Сейдуалиев кәмелетке толмағандар қылмысының алдын алу бағытында атқарылған шаралар туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, жасөспірімдермен жасалған 72  қылмыс тіркеліп, 6,4% төмендеген.

- Тіркелген қылмыстардың ішіндегі негізгісі -  меншікке қарсы және қоғамдық тәртіпке қарсы жасалған қылмыстар. Оның 65-ін балалар жасаған. Десе де өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 5,8%-ға төмендеген. Күдікті жасөспірімдердің біреуі қыз бала. 13 жасөспірімнің жасы 14-15-те болса, 52-сі 16-17 жаста. Бұл бағытта қылмыстың алдын алу мақсатында жыл басынан бастап мүдделі мемлекеттік органдармен бірлескен түрде жедел профилактикалық іс-шаралар өткізілді,-деді Ә.Сейдуалиев.

Облыс әкімі Серік Шәпкенов жауапты басшыларға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарға бөлінген қаржыға жан-жақты талдау жасау қажеттігін айтты. Сонымен қатар порталда тапсырыс берілген заттың бағасы барлық мемлекеттік органға бірдей болуын қадағалауды тапсырды. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алу порталымен жұмыс істейтін мамандардың біліктілігін арттыру үшін арнайы курс өткізу керектігін  қаперге берді.  

- Бүгін жиында қаралған мәселенің бәрі де өзекті. Ведомствоаралық комиссия отырысының нәтижесінде қоғамдағы түйткілді мәселелерді шешіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын аламыз. Оның алдын алу үшін мемлекеттік сатып алу порталымен айналысатын мамандардың біліктілігін арттыратын курстарды ұйымдастыру керек. Осы тұста мемлекеттік сатып алу порталында кеткен кемшіліктерді анықтаған волонтерлердің еңбегін атап өткім келеді. Олардың жан-жақты, тиянақты жұмыс жүргізгені көрініп тұр. Сондықтан бұл жобаны жалғастыру маңызды.Жиында қаралған тағы бір мәселе - жасөспірімдер қылмысы. Өкінішке орай бұл мәселеде тәртіп жоқ. Баланың тәрбиесіне бірінші кезекте ата-анасы жауапты. Кей құқық бұзушылықтарға салғырт қарағандықтан қайғылы жағдайлар тіркеліп отыр. Сондықтан баласы тәртіп бұзған ата-анаға Заң жүзінде шара қолдану қажет, - деді С.Шәпкенов.


16 желтоқсан 2023, 00:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.