Атырау, 26 қараша 04:33
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

"Ливерпуль" "МЮ" қақпасына баса көктеп шабуыл жасайды, дейді сарапшылар

1 018 просмотра

"Ливерпуль" және "Ман Юнайтед" – АПЛ-дағы басты қарсыластар, сондықтан олардың осы текетіресін өткізіп алуға болмайды. Осы ойыннан не күтуге болатындығын Parimatch сарапшыларымен талқылап көрейік.

 “Ливерпуль”

"Скаузерлердің" АПЛ-дағы жағдайы керемет: тұрақтылық, голдарды сәтті іске асыру және қарсыластарының қателіктері  Клопп бандасын лиганың шыңына шығарды. Еуропа Лигасында да сәтті өнер көрсетті - олардан күтілгендей-ақ 1/8-де шықты. Бұл жетістік командада жарақат эпидемиясы болмағандығының нәтижесі екендігін білдіреді.

 "Энфилд" – "Ливерпульдің" өз ойын алаңы мен күш-қуат алатын мекені. Бұл команданы өзінің стадионда ешқандай кедергі тоқтата алмайды. Яғни, "скаузерлер" шайқастың алғашқы минуттарынан бастап " МЮ " қақпасына қарай бет алып, шабуылдайды (әсіресе Онанаға оңай болмас). Parimatch сарапшылары "скаузерлер" кем дегенде 3 гол соғатынына (xG)  сенімді және бұл үшін 2.07 коэффициентін ұсынады.

 “Манчестер Юнайтед”

Қараңғы түнек пен үмітсіздік – қазір "қызыл сайтандардың" жанкүйерлері осындай сезімде. Иә, "Челсиді" жеңуі (2:1) керемет болды, тен Хаг бандасы АПЛ-да 6-шы орында келеді, алайда артынан команданың алдынан қара мысық кесіп өткендей болып, сәтсіздіктер легі бастау алды. Алдымен "Юнайтед" Борнмуттан" (0:3) жеңіліп, содан кейін "Баварияға" (0:1) еріксіз жол беріп, еурокубоктардан шығып кетті. Жексенбідегі  шайқаста сәтсіздік легі жалғасын табады ма - оны осы текетірестен білетін боламыз.

 Расмус Хойлунн Чемпиондар Лигасында "сайтандар" үшін жарқыраған ойын көрсетіп келді, бірақ АПЛ-да гол жаудырған жоқ. Еурокубоктарға күш жинаудың қажеті болмағандықтан, неге басты қарсыласқа гол соқпасқа? Міне, Parimatch сарапшылары да солай ойлап, Хойлунн голына 3.50 коэффициентін ұсынуда.

 Аналитика мен болжам

"Ливерпуль" - бұл ойынның айқын фавориті. Ол мықтырақ, тұрақты және шайқас өз ойын алаңында өтеді. Сарапшылар да "скаузерлердің" жеңісіне сенімді: оларға 1.32, "Ман Юнайтедке" 8.70 коэффициенттерін ұсынуда. Бірақ "қызыл сайтандарды" бағаламауға болмайды - олардың сәтсіздіктер легі тым ұзаққа созыла бермес. Сарапшылар "МЮ" 2 доптан артық ұтылмайды деп санап, мұндай нәтижені 2.05-ке бағалаған.

15 желтоқсан 2023, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған