Атырау облысында қазір 117 ауылдық елді мекен Beeline компаниясының LTE мобильді желісіне қосылған. Бұл дегеніміз, 300 мыңға жуық адам осы ұялы байланыс операторының байланысы мен қызметтерін пайдалана алады.
2023 жылы компания өңірдегі байланысты жақсарту бойынша жақсы нәтижелер көрсетті. LTE желісіне Доссор, Мақат, Сағыз, Жамансор, Жұмекен, Қарабатан, Ескене, Аққыстау ауылдары қосылды. Сондай - ақ, Атырау қаласынан 280 км қашықтықта орналасқан Ауыл-Майқұмген ауылы.
LTE оператор желісі Шығыс Молдабек, Балғымбаев, Қарсақ, УАЗ, Жаңаталап, Батыс Прорва, Қамысты Оңтүстік-Батыс және Қамысты Оңтүстік-Шығыс кен орындарында да қолжетімді болғанын атап өткен жөн.
Компанияның бастамасы - "LTE Everywhere" жобасы да өңірдегі байланысты жақсартуға елеулі үлес қосты - облыстың 90 ауылдық базалық станциясында LTE желісі енгізілді, осылайша, Beeline ауылдық жерлерде жоғары жылдамдықты интернетке сенімді әрі тұрақты қосылуды қамтамасыз етті.
Бұдан басқа, ағымдағы жыла оператордың 18 базалық станциясы жаңғыртылып, соның арқасында Қызылқоға, Мақат, Жылыой, Индер, Исатай және облыстың басқа да аудандарында базалық станцияның өткізу қабілеті артып, жоғары жылдамдықты интернет қамтамасыз етілді.
«Шалғай ауылдарда жоғары жылдамдықты интернеттің пайда болуы ауылдағы өмір сапасының артуына әсер етеді. Сондықтан біздің міндетіміз - әрбір тұрғын үшін интернетке тең қолжетімділікті қамтамасыз ету", - дейді Атырау қаласындағы Beeline техникалық блогының басшысы Андрей Изосимов.
Компанияның мәліметінше, Қазақстанда мобильді трафикті тұтыну деңгейі жоғары. Орташа алғанда, трафик жыл сайын 20% өседі. Біздің елде әр пайдаланушы айына орта есеппен 17,2 Гб мобильді интернет тұтынады, ал әлемде бұл көрсеткіш әлдеқайда аз, тек 12,6 Гб. Атырау облысы бойынша статистика айына орташа есеппен 16 ГБ интернетті құрайды.
«2024 жылы біз өңірге қызмет көрсетуді күшейтуді жоспарлап отырмыз. Облыс тұрғындарын жоғары жылдамдықты және сенімді интернетпен қамтамасыз етуді жалғастыру үшін жаңа базалық станциялар саламыз, сондай-ақ қолданыстағы 165 станцияны жаңғыртамыз", - дейді жоспарымен бөліскен Андрей.
Бүгінде Қазақстанның 1600-ден астам ауылы Beeline ұялы байланыс операторының байланысы мен интернетіне қол жеткізген. Лицензиялық міндеттемелерден басқа компания өз жоспары аясында да ауылдарды интернетпен қамтуда. Қазақстанда LTE желісі Beeline абоненттері үшін мобильді оператор желісінің 98%-да қолжетімді. Бұл барлық қазақстандық байланыс операторлары арасындағы ең жақсы көрсеткіш. Сондықтан оператордың әрбір абоненті Beeline Janymda деп сенімді түрде айта алады.