Атырау, 15 қаңтар 15:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -8
$ 510.43
€ 594.86
₽ 6.49

Бекет тұрғындары газсыз отыр

1 100 рет қаралды

Мақат ауданы Бәйгетөбе ауылдық округіне қарасты 377 бекет тұрғындары көгілдір отынға зәру.  Бекеттегі 10 үйде 58 тұрғын тұрады. Ауыл халқы теміржол саласында жұмыс істейді, болмаса азын-аулақ малмен күн көруде. 

- Газ келеді деп қуантқандарына көп болды. Енді құбыр тартылғанымен газ берілмеуде. Қыс болса мынау, қара суық, жел де мазаны алып тұр. Үйімізде жылу жоқ. Газ келеді деп пештерімізді бұзып тастағанбыз, - дейді тұрғындар.  

- 14 желтоқсанда бекет халқымен кездестім. Осы елді мекенге газ желісін тарту құрылысы толық аяқталды. Енді құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүруде, - дейді Мақат ауданы әкімі орынбасары Бекадил ЖАЙКИН. -"ҚазТрансАймақ" АҚ-ның бас директоры Еркебұлан КЕНЖЕҒАЛИЕВҚА барып, көгілдір отынды тездетіп қосу мәселесін айтқан болатынмын. 15 желтоқсаннан бастап, яғни, бүгін газ желісі қосылады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Әкімдік жолдаған сурет

15 желтоқсан 2023, 16:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.