Атырау, 26 қараша 04:23
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​Атырау тұрғыны тісін емдету үшін рәсімдеген несиенің күші жойылды

1 091 просмотра

26 қарашада Атырау қаласының тұрғыны жергілікті клиникалардың біріне тісін емдету үшін Kaspi қосымшасымен 12 айға бөліп төлеу арқылы 1 007 800 теңгеге несие рәсімдеген.

Алайда, белгілі бір себептермен отбасылық жағдайына байланысты, тісін емдетуден бас тартады. Сонымен қатар, ол уақытта клиника тарапынан қызмет көрсету басталмаған еді.

Осыған байланысты тұтынушы көрсетілмеген қызмет үшін рәсімделген несиенің күшін жоюды сұрайды. Алайда, тұтынушының талабы қанағаттандырылусыз қалдырылады.

Осыған байланысты, тұтынушы Атырау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінді. Ол жерде тұтынушыға клиникаға жазбаша наразылық жазуда консултативтік көмек көрсетілді. Ол тапсырылғаннан кейін рәсімделген несиенің күші жойылды.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 686-бабының 1-тармағына сәйкес, тапсырыс беруші орындаушыға нақты жұмсалған шығыстарды төлеген жағдайда өтеулі қызметтер көрсету шартын орындаудан бас тартуға құқылы.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-1 бабына сәйкес, сатушы (орындаушы, дайындаушы) тұтынушымен жасалған шарттарға тұтынушының құқықтарын бұзатын және (немесе) оларға қысым жасайтын талаптарды енгізбеуге тиіс.

Сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) шартты бұзған жағдайда ұсынылмаған тауар (көрсетілмеген қызмет, жұмыс) үшін төленген ақшалай соманы қайтармау құқығын беру, тұтынушылардың құқықтарын бұзатын және (немесе) оларға қысым жасайтын талап болып табылады.

Егер тұтынушының құқықтарын бұзатын және (немесе) оларға қысым жасайтын шарттың талаптарын қолдану нәтижесінде тұтынушыға залал келтірілген болса, кінәлі адам оларды толық көлемде өтеуге тиіс.

Тұтынушының өзіне сатушы (орындаушы, дайындаушы) өз жағдайының артықшылықтарын пайдалануына байланысты келтірген залалды өтетіп алуға құқығы бар.

Тұтынушылық құқығыңыз бұзылған жағдайда, Атырау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне келуіңізге немесе «Е-Otinish» платформасы арқылы өтініш жазуға болады.

Департаменттің мекен жайы: Атырау қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы, 79 («Көрме орталығы» ғимараты, 2-қатар). Байланыс телефоны: 8 (7122) 52-03-91, 52-07-83.

13 желтоқсан 2023, 19:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.