Атырау, 15 қаңтар 14:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -8
$ 510.43
€ 594.86
₽ 6.49

​Атырау облысы бюджет қаржысы ең көп игерілмеген өңірлердің қатарында

768 рет қаралды

Бюджетті игермеу бойынша Астана қаласы, Маңғыстау, Атырау және Батыс-Қазақстан облыстары көш бастап тұр

Биылғы 11 айдағы жергілікті бюджеттердің шығыстары 12 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Атқарылмаған қаражат көлемі - 531 млрд теңге. Бұл туралы Үкімет отырсында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді.

«Биыл өңірлерге 2 трлн теңгеге жуық нысаналы трансферттер көзделген. Ал 1 желтоқсандағы жағдай бойынша өңірлерге бөлінген қаражат көлемі 1 трлн 752 млрд теңге. Оның 89,8%-і игерілген. Атқарылмағаны – 179 млрд теңге, оның ішінде 3 млрд теңге – үнемдеуге жатады, ал 176 млрд теңге игерілмеген. Бюджетті игермеу бойынша Астана қаласы, Маңғыстау, Атырау және Батыс-Қазақстан облыстары көш бастап тұр.
13 желтоқсан 2023, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.