Атырау, 26 қараша 05:21
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Атырауда қалдықтарды бөлек жинау бойынша экоакция өтті

636 просмотра

Ұйымдастырушылар - «Атырау Эко» қозғалысы бұл шараны экологиялық дармарка деп атады. Ол басқа қалалардағы Қазақстан экобелсенділерінің бірлескен келісімі аясында өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты – халықтың сана-сезімін арттыру және адамдарды экологиялық өмір салтына баулу.

Дармаркаға 75 адам қатысты: 207 кг қалдық жиналды, оның ішінде 25 кг ПЭТ пластик, 11 кг химиялық пластик, 51 кг макулатура, 7 кг алюминий, 17 кг полиэтилен пакеттері және 12 кг пластик қақпақтар.

Нәтижесінде 15 үлкен қорап «Ecodamu» компаниясына қайта өңдеуге тапсырылды. Оның ішінде үш қорапта (34 келі) жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмек, батареялар мен электронды қалдықтар бар.

«Экологика» қоғамдық қоры өзінің «Добрые крышечки» жобасы үшін пластик қалдықтарын алды, - деп хабарлады дармарка ұйымдастырушылар. — Көп нәрсе жаңа иелеріне пайдаға асты. Қалғанының бәрі «Жүректен жүрекке» және «Солнечный» қайырымдылық қоғамдық қорларына берілді.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

13 желтоқсан 2023, 11:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.