Атырау, 5 қыркүйек 11:19
 дождьВ Атырау +21.6
$ 456.56
€ 530.52
₽ 5.28

Аудандық аурухана бес жедел жәрдем көлігімен толықты

1 075 рет қаралды

Облыс әкімдігінің қолдауымен алынған жаңа жедел жәрдем көліктері Майкөмген, Ақкиізтоғай, Тұрғызба ауылдарына, Теміржолшылар ықшам ауданына және орталық емханаға (арнайы төртінші санатты шақыртуларға) пайдалануға берілмек.

Жаңа «Газ-Соболь» автокөліктерінің ерекшелігі жол талғамай құмды жерлер мен шалғай ауылдарға еш қиындықсыз қатынай алады. Науқастар тасымалдауға арналған көліктің ішінде жататын орын және алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған қажетті құралмен-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

- Биыл ауданымыздың медицина саласы 19 дәрігермен толықты. Олардың ішінде стаматолог, эндокринолог, уролог, невропатолог, статист, фармацевт, терапевт, анестизиолог-реаниматолог, отолоринголог, эндоскопист және жалпы тәжірибелі дәрігерлер бар, - деп хабарлады Жылыой ауданының әкімі Жұмабек ҚАРАЖАНОВ.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

13 желтоқсан 2023, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.